Malim.kz
Әлем

Ливия армиясының қолбасшысы мінген ұшақ Түркияда апатқа ұшырады (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

23 желтоқсан күні кешке Ливия Қарулы күштері Бас штабының басшысы Мұхаммед әл-Хаддад пен тағы төрт ливиялық азамат Түркия аумағында, Анкара маңында болған ұшақ апатынан көз жұмды. Осыған байланысты Ливияда үш күндік аза жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ливияның ақпарат агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, қайғылы жағдайды елдің Ұлттық бірлік үкіметі ресми түрде растаған. Триполидегі билік өкілдері Түркиядағы апатты «ауыр қайғы» деп бағалады.

Үкімет шешімімен ел аумағында үш күн бойы аза тұту жарияланды. Мемлекеттік агенттік апат салдарынан қаза тапқан азаматтардың аты-жөні мен қызметтерін де жария етті. Қаза болғандар қатарында:

Ливия премьер-министрі Түркиядағы әуе апатының себептерін анықтау үшін Анкараға арнайы ресми делегация жіберуді тапсырды.

Ал Түркия Ішкі істер министрлігі ұсынған дерекке сәйкес, ұшақтың қалдықтары Анкара провинциясының Хайман ауданындағы Кесікқауақ ауылы маңынан табылған. Falcon 50 маркалы жеке ұшақ Анкарадағы Есенбұға әуежайынан Триполиге бағыт алып, Астана уақытымен сағат 22:10-да әуеге көтерілген. Әуе кемесімен байланыс 22:52-де үзілген.

Қазіргі таңда Анкараның Бас прокуратурасы әуе апатына қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары