Malim.kz
Әлем

Лукашенко қайда жоғалып кетті? Медиа ләм демей отыр

Ереке Базарқұл
© «Позирк»

Беларусь президенті Александр Лукашенко Оманға барған сапарының жай-жапсары белгісіз болып қалып отыр. Оның сапары туралы Оманның ресми БАҚ-ы да, Беларусьтің билікмаңы медиасы да ешқандай ақпарат жариялаған жоқ. Бұл туралы РБК-Украина беларустық «Позирк» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Лукашенконың Маскатқа ресми сапары 28 қараша күні басталды деп хабарланған. Алайда, оның ресми сапары туралы Оман бұқаралық ақпарат құралдарында,  Беларусь мемлекеттік медиа ресурстарында, Оман Сыртқы істер министрлігінде Лукашенконың сапары жайлы ешқандай мәлімет пайда болмаған.

Белгілі болған жалғыз дерек — Лукашенконы Маскат әуежайында Оманның Инвестиция агенттігінің басшысы Әбдүлсалам әл-Муршиди қарсы алғаны. Алайда агенттіктің ресми ресурстары да бұл кездесуді хабарламаған.

Елдің негізгі ақпарат құралдары — Oman News Agency, Al Watan, Oman Daily Observer, Times of Oman, Muscat Daily, Oman Tribune - ешқайсысы Лукашенконың келгенін жазбаған.

Басылым - мұндай үнсіздік ресми сапарлар кезінде өте сирек кездесетініе нұсқайды. Беларусь билігінің ресми баспасөз қызметі 29 қараша күні үш хабарлама жариялаған. Бірақ олардың ешқайсысы Лукашенконың Оманға жасаған сапарына қатысты емес.

Ереке Базарқұл
Автордың басқа материалдары