Malim.kz
Әлем

Лувр қайта ашылды: $102 млн тұратын тәж әшекейлері әлі табылған жоқ

Айгүл Таңатар
ria.ru

Париждегі әлемге әйгілі Лувр музейінің Аполлон галереясы келушілер үшін қайта ашылды. Алайда Францияның тарихи тәж әшекейлері әзірге өз орнына қайтарылған жоқ. Былтырғы атышулы ұрлық кезінде құны шамамен 102 миллион доллар болатын зергерлік бұйымдар қолды болған еді.

Музей басшылығы қауіпсіздік жүйесін толық күшейткенін мәлімдеді. Болашақта тәж әшекейлері арнайы жоғары қорғалған экспозицияда көрсетілмек. Тергеу жалғасып жатыр, ал ұрланған жәдігерлер әлі күнге дейін табылған жоқ.

Бұл оқиға Франциядағы соңғы жылдардағы ең шулы мәдени мұра қылмыстарының бірі саналады. Ұрлықтан кейін музейдің қауіпсіздік жүйесіне қатысты ауқымды өзгерістер қолға алынған.

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары