Malim.kz
Әлем

Мадуро Нью-Йоркке жеткізілді

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан кадр

АҚШ қауіпсіздік күштері қадағалауындағы ұшақ Нью-Йорктің солтүстік-батысынан шамамен 100 шақырым жердегі Стюарт халықаралық әуежайына қонғанын көрсетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақпарат құралдары сол ұшақпен әкелінген адам Венесуэланы 2013 жылдан бері басқарған, бірақ АҚШ 2020 жылы есірткіге қатысы бар деп айыптаған Мадуро екенін жазды.

АҚШ президенті Дональд Трамп мен АҚШ-тың өзге де ресми тұлғалары 3 қаңтарда өткізген баспасөз жиыны кезінде Мадуроны ұстау операциясын сипаттап, билік "қауіпсіз әрі ақылға қонымды түрде" ауыспайынша АҚШ Венесуэланы уақытша "басқара беретінін" айтты.

Әзірге Жоғарғы соттың шешімімен Венесуэланың вице-президенті Делси Родригес президент Мадуроны америкалықтар ұстап әкеткеннен кейін ел президентінің міндетін атқарушы болып ресми түрде тағайындалды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары