Malim.kz
Қоғам

"Маған әйел, саған күйеу табылар": Ғаділбек Жанай ел естімеген әңгімесін жайып салды (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
Caravan.kz коллажы

Танымал әнші Ғаділбек Жанайдың ажырасу тақырыбына арналған жаңа туындысы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі Instagram парақшасында жұбайымен бірге түскен бейнежазбасын жариялап, жаңа әнінен үзінді ұсынды. Әнші бұл жазбасында отбасылық береке мен адалдықтың маңызын атап өтіп, ешқашан ажыраспайтынын айтты.

"Ешқашан ажыраспаймыз. Маған әйел табылар, саған күйеу табылар. Бірақ балаларға бөтен адам ешқашан әке мен шеше бола алмайды", – дейді әнші бейнежазбада.

Ғаділбек Жанайдың жаңа әнінде марқұм журналист Бейсен Құранбектің өмір мен отбасы туралы әйгілі сөздері арқау болған.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары