Malim.kz
Қоғам

«Маған пәк қыз керек»: Астанада Жаңа адамдар екі әлеуетті педофилді әшкереледі

Мадияр Қапанбек

Ересек адам — бала көмек пен қорған іздеп, жүгіне алатын адам. Алайда қазіргі ахуал мен әшкереленген жағдайлар баланың қауіпсіздігіне төнетін қатердің өте жақын жерде — әлеуметтік желілерде болуы мүмкін екенін көрсетеді. Жаңа адамдардың 124 Азаматтық науқаны соңғы жылда еліміздің әр өңірінен ондаған әлеуетті педофилді анықтады.

Астанада Жаңа адамдар бірден екі болжамды қылмыскерді анонимділігінен айырды. Тәжірибе көрсеткендей, әлеуметтік желілердегі балалардың аккаунттары ересектердің назарынан тыс қалмайды. Белсенділер 12 жасар қыздың атынан парақша ашты, ол жаққа ондаған ересек ер адам жаза бастады.

Екі қолданушы хабарлама алмасумен шектелмей, әрекет етуге тырысқан.

Бірінші әлеуетті педофил — 29 жастағы, екі баланың әкесі Бахтияр Габбасов. Ол кәмелетке толмаған балаға порнографиялық сипаттағы материалдар мен өзінің интимдік фотосуреттерін жіберген. Кездескісі келген ер адам қыздың үйіне дейін келген. Оны қолдарына хабарлама скриндері мен жиналған материалдар көрсетілген тақтайшалар ұстаған белсенділер күтіп алды.

Екінші әлеуетті педофил — 32 жастағы Асан Шарипов. Ол да 12 жасар баламен кездесу үшін тұрғын үй кешеніне келген. Белсенділер оны күтіп алып, оның хабарламалары мен жиналған материалдарды көрсетті. Күдікті жауап ретінде қызды тәрбиелеу үшін келгенін, оның есейгенін күткісі келгенін айтып: «Маған пәк қыз керек», - деп мәлімдеді.

Екі жағдай да аудан тұрғындарының қатысуымен өтті. Жиналған барлық материалдар тексеру жүргізу үшін құқық қорғау органдарына тапсырылды.
Қуаныш Алмат, Жаңа адамдар:

«Бір, екі, тіпті жүз әлеуетті педофилді анықтау — мәселенің толық шешімі емес. Ең бастысы — қоғамның санасы мен қарым-қатынасын өзгерту. Осындай жағдайлардың назардан тыс қалмауы аса маңызды. Қауіпті белгілерді дер кезінде байқап, әр баланың өзін қауіпсіз сезінуіне жағдай жасауымыз керек. Балаларға көңіл бөлу, олармен сенімді қарым-қатынас орнату және жеке шекара дегеннің не екенін түсіндіру маңызды. Бұл — бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз. Сіздермен болған — 124 азаматтық науқаны. Қауіпсіз қоғамды бірге құрайық».

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары