Malim.kz
Әлем

МАГАТЭ дрон шабуылынан кейін Запорожье АЭС корпусының зақымданғанын растады

Арман Қайыпхан
Фото: Ukrainian Presidential Press Service/Planet Pix/ZUMA/picture alliance

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) сарапшылары Запорожье атом электр станциясының (ЗАЭС) аумағында тексеру жүргізіп, станцияның 6-энергоблогына жақын орналасқан турбиналық корпус сыртынан зақымдарды анықтады, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

МАГАТЭ мәліметінше, бақылау тобы ғимараттың жоғарғы қабатындағы металл люктің зақымданғанын, сондай-ақ жерде жатқан сынықтар мен күйген талшықты-оптикалық кабель қалдықтарын тапқан. Агенттік бұл белгілердің дрон соққысының салдарын растайтынын атап өтті.

Қосымша тексеру жүргізу үшін МАГАТЭ мамандары 6-энергоблок жанындағы ғимараттың ішіне кіруге рұқсат сұрады.

Агенттік мәліметінше, қазіргі уақытта радиациялық фон қалыпты деңгейде қалып отыр.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары