Malim.kz
Қоғам

Магистратураға түсу тестінде 41 талапкердің нәтижесі жойылды

Арман Қайыпхан
Фото: pixabay

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталғалы 25 мыңнан астам талапкер емтихан тапсырды. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша талапкерлердің 46%-ы, ал бейінді бағыт бойынша 27%-ы шекті балл жинаған, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрліктің хабарлауынша, ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша орташа балл 76, ал бейінді бағыт бойынша 25 болды. Тестілеудегі ең жоғары нәтиже – 134 балл.

Тестілеу барысында 41 талапкердің нәтижесі жойылды. Оның ішінде 31 адам смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге әрекет жасағаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Ал 10 талапкер емтихан кезінде ереже бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, олардың нәтижелері жарамсыз деп танылды. Тестілеу нәтижесімен келіспеген талапкерлер онлайн-апелляция бере алады. Өтінішті емтихан аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде жолдау қажет. Апелляция 7 жұмыс күні ішінде қаралады, содан кейін сертификат талапкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады, – деп жазылған хабарламада. 

Магистратураға оқуға түсуге 11 мыңға жуық үміткер өтініш берді

Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсу үшін кемінде 75 балл, ал бейінді бағыт бойынша 30 балл жинау қажет. Биыл магистратураға түсуге 61 мыңнан астам өтініш қабылданып, оқуға 11 мыңға жуық грант бөлінді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары