Malim.kz
Қоғам

"Мәйіті қонақ үйден табылды": Елге танымал аты шулы кәсіпкер өз-өзіне қол жұмсады (ФОТО)

Мадияр Қапанбек
ашық дереккөзден

Ресейдің Федерация Кеңесінің бұрынғы мүшесі, танымал кәсіпкер Умар Джабраилов Мәскеуде қайтыс болды, деп хабарлайды Malim.kz.

ВВС басылымының жазуынша, 67 жастағы Джабраиловтың денесі Мәскеудегі қонақ үйлердің табылған. Оның басында оқ жарақаты болды. Сондай-ақ марқұмның жанынан "Люгер" маркалы тапанша табылған. Кәсіпкер ауыр халде ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оны аман алып қала алмады.

Алдын ала деректер бойынша, Умар Джабраилов өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.

Умар Джабраилов – Шешенстаннан сайланған бұрынғы сенатор, сондай-ақ Мәскеу заманауи өнер музейінің қамқоршылар кеңесінің төрағасы болған. 1990-жылдары ол Мәскеудегі ең бай кәсіпкерлердің бірі ретінде танылған. Алғашында жанармай құю бекеттерінің желісіне иелік етіп, кейін қонақүй бизнесіне бет бұрған.

Оның есімі бірнеше даулы оқиғамен байланысты. Атап айтқанда, 2017 жылы Four Seasons қонақүйінде болған атыс оқиғасы қоғамда резонанс тудырған еді. Сондай-ақ 2020 жылы Джабраилов өзіне қол жұмсамақ болған, алайда сол кезде оның өмірі сақталып қалған.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары