Malim.kz
Қоғам

Маңғыстау тұрғыны жартастарға жазу жазғаны үшін қамауға алынды

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан кадр

Маңғыстау облысының 21 жастағы тұрғыны жартастарға жазу қалдырғаны үшін 25 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы ІІМ мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ер адам табиғи нысанға өзінің аты-жөнін және көлігінің мемлекеттік нөмірін жазып кеткен.

Оқиға Ыбықты Сай шатқалында болған. Бұған дейін полиция құқық бұзушының жазуларды өшіріп, аумақты бастапқы қалпына келтіргенін мәлімдеген еді.

ІІМ табиғи және тарихи-мәдени нысандарды бүлдіру әкімшілік әрі қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін еске салды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары