Malim.kz
Қоғам

Маңғыстауда «Жастар EQ 3.0 & Mental Health» жобасы аясында КПТ бойынша оқыту өтті

• Айбын Атабай
Маңғыстау облыстық жастар саясаты басқармасы

Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысымен және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен жүзеге асып жатқан «Жастар EQ 3.0 & Mental Health» жобасы аясында республикалық сарапшыларды тарта отырып, екінші міндеттегі 4-компоненттік оқытудың үшінші дәрісі өтті.

Оқытудың тақырыбы: «КПТ» – Когнитивті мінез-құлықтық терапия.

Оқыту жастардың эмоционалды интеллектін дамытуға, менталды денсаулығын нығайтуға және заманауи психологиялық әдістермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Оқытуға жоба басында іріктелген 20 психолог маман қатысты.

Когнитивті мінез-құлық терепиясы тақырыбын Астанадан арнайы шақыртылған сертификатталған тренер Сымбат Абдрахманова жүргізді. Психолог, Еуропа психологтар қауымдастығының мүшесі, тренердің айтуы бойынша:
-Кәсіби психолог маман жүгіну керек нақты ғылыми дәлелденген жүйе болуы маңызды. Бұл тұрғыдан бүгінгі тақырып жастармен жұмыс жасайтын психолог мамандар үшін ең қажетті әрі маңызды тақырып, - деп атвп өтті.

Жоба Маңғыстау өңірі жастарының психологиялық сауаттылығын арттыруға және өзін-өзі дамытуына зор мүмкіндік береді.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары