Malim.kz
Қоғам

Маңғыстауда балаларына миллиондаған теңге алимент төлемеген әке сотталды

Арман Қайыпхан
Фото: ІІМ

Жыл басынан бері Маңғыстау облысында алимент төлеуден жалтарған 133 борышкер қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Прокуратураның араласуымен 95 миллион теңгеден астам алимент қарызы өндірілді.

Қадағалау органының мәліметінше, көптеген борышкерлер жылдар бойы алимент төлеуден жалтарып, табысын жасырған және ресми жұмысқа орналаспауға тырысқан.

Солардың бірі екі баласына 3 миллион теңгеден астам алимент қарызын жинаған. Сот оны бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кескен. Үкім шыққаннан кейін азамат алимент қарызын толық өтеген.

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында прокуратураның араласуымен 395 кәмелетке толмаған баланың құқығы қорғалып, 95 миллион теңгеден астам алимент берешегі толық өндірілді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары