Malim.kz
Қоғам

Маңғыстауда бюджет қаражатын заңсыз жұмсау дерегіне тосқауыл қойылды

Сабина Асқарқызы
Ашық дереккөзден

Маңғыстау облысының прокуратурасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын бұзу деректерін анықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Атап айтқанда, Ақтау қалалық тұрғын-үй комуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы заңсыз бір көзден 592 млн тг мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған.

Бұдан басқа, Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы мен Бейнеу ауданы Тұрыш ауылының әкімі орындалмаған жұмыстар үшін 29,5 млн тг бюджет қаражатын төлеген. Прокуратура актісінің негізінде заң бұзушылықтар жойылды. 

Сонымен қатар аталған лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтары үшін, атқарып отырған лауазымдарына толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі жауаптылыққа тартылды.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары