«Қазгидромет» РМК 26 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Синоптиктер болжамынша, циклондар және олармен байланысқан фронтальді бөліктер әлі де Қазақстан Республикасы аумағының басым бөлігіне өз әсерін тигізетін болады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек еліміздің шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, бұрқасын күтіледі.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, күндіз Алматы, Түркістан облыстарының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында қатты қар күтіледі. Күндіз Алматы облысының шығысында, Жетісу облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің 30 м/с және одан аса күшеюі күтіледі, — делінген хабарламада.
Фото: pexels