Malim.kz
Оқиға

Маңғыстауда құлаған дронға қатысты Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді

Сабина Асқарқызы
Ашық дереккөзден

Әлеуметтік желілерде құлаған ұшқышсыз ұшу аппараты бейнеленген видео тарады. Бұл кадрларға Қазақстан Қорғаныс министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

«Әлеуметтік желілерде тараған ұшқышсыз ұшу аппаратының табылуына қатысты бейнежазба 2025 жылғы 19 маусымда Қарақия ауданында түсірілгенін хабарлаймыз. Аталған дерек бойынша бұған дейін уәкілетті қызметтер белгіленген тәртіпке сәйкес қажетті тексеру шараларын жүргізген», - деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.

Қорғаныс министрлігі азаматтарды күмәнді заттарды байқаған жағдайда оларға жақындамауға, ұстамауға және дереу құзырлы органдарға хабарлауға шақырды.

«Әлеуметтік желі қолданушыларынан тексерілмеген ақпаратты таратпауды сұраймыз», - деп үндеу жасады ведомство.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары