Malim.kz
Қоғам

Маңғыстауда тасқа аты-жөнін жазған жас жігіт жауапқа тартылды

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан скрин

Маңғыстау облысында полицейлер Ыбықты Сай шатқалы аумағына жазу жазып кеткен ер адамды анықтап, жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Malim.kz.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында белгісіз азаматтың өз аты-жөні мен автокөлігінің мемлекеттік нөмірін шатқал тастарына жазып кеткені бейнеленген видео анықталған.

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде құқық бұзушының жеке басы анықталды. Ол – 2005 жылы туған азамат.

Аталған азамат ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылып, іс материалы сотқа жолданды.

Сонымен қатар ол салған жазуларын өшіріп, аумақты бастапқы қалпына келтірді.

❗️Полиция табиғи және тарихи нысандарға зиян келтіру заң алдында жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары