Malim.kz
Қоғам

Маңғыстауда ұсталған мас жүргізуші өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды

Арман Қайыпхан
Фото: ІІМ

Маңғыстау ауданында бұған дейін жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан, мас күйде қайтадан көлік тізгіндеген азаматқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Сот мәліметінше, ер адам осы жылдың наурыз айында мас күйде көлік басқарғаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған.

Алайда мамыр айының соңында ол тыйымға қарамастан тағы да алкогольдік масаң күйде көлік жүргізген.

Сот оның әрекетін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша саралап, 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар сотталған азамат өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Үкім жарияланғаннан кейін ер адам сот залында бірден қамауға алынды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары