Malim.kz
Қоғам

Маңғыстауда «Жастар ЕQ 3.0 & Mental Health» жобасы басталды

Арман Қайыпхан
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

«Қолдау» орталығы» жеке меншік мекемесі Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы негізінде «Жастар ЕQ 3.0 & Mental Health» әлеуметтік жобасын бастады, деп хабарлайды Malim.kz.

Жоба «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ қолдауымен, аймақтағы жастардың психикалық денсаулығын сақтау және нығайту бағытында жүзеге аспақ.

Жобаның мақсаты – жастардың психологиялық мәдениетін кәсіби 220 маманның біліктілігі мен білімін арттыра отыра қалыптастырып, психикалық, менталдық денсаулығын нығайтып, жастардың эмоционалды интеллектісін (ЕQ) кәсіби психолог мамандар арқылы көтеруге ықпал ету. 4 негізгі бағыт бойынша тақырыптарда ToT (Training of Trainers) форматы аясында республикалық деңгейдегі сарапшыларды тарта отырып оқыту жұмыстарын ұйымдастыру; Жастардың өзіне-өзі қол жұмсау фактілерін мейілінше азайту және алдын алу. Жастардың психикалық денсаулығын сақтау мақсатында Маңғыстау облысының кемінде 2 500 жастың психологиялық және ағартушылық іс-шаралар арқылы тікелей қатысуын қамтамасыз ету; қатысушылардың кемінде 60 %-ының психикалық денсаулық пен эмоционалдық интеллект саласындағы білім деңгейін арттыру.

Жоба Маңғыстау облысы көлемінде 3 ай бойы тұрақты түрде жүзеге асатын болады. Жоба аясында кемінде 20 өңірлік психологты (жас мамандарға басымдық бере отырып) 4 негізгі бағыт бойынша ToT (Training of Trainers) форматы аясында республикалық деңгейдегі сарапшыларды тарта отырып оқыту жұмыстары ұйымдастырылады. Сонымен қатар, оқытудан өткен психологтар Маңғыстау облысының жастарына арналған кемінде 20 психологиялық және ағартушылық іс-шара өткізеді (әрбір оқытылған маман тарапынан кемінде бір іс-шара). Жоба аясында кемінде 450 жасты қамти отырып, психология саласындағы сарапшылардың қатысуымен кемінде 3 таныстыру кездесуін ұйымдастыру және тәжірибе алмасу және өзекті мәселелерді талқылау мақсатында өңір психологтарының қатысуымен жобаның қорытынды іс-шарасын ұйымдастыру көзделген. Бұған қоса, «Қолдау» орталығы» жеке меншік мекемесі жастарға психологиялық қолдау көрсетуге бағытталған Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшаны құру және оның қызметін қамтамасыз ету, ақпараттық және ағартушылық материалдарды тұрақты түрде контент ұсыну жұмыстарын жүргізетін болады.

Айта кетейік, бүгінгі таңда бұл жұмыстардың бірқатары басталып та кеткен. Мәселен, «Қолдау» орталығы» жеке меншік мекемесі жас мамандарға басымдық бере отырып, Маңғыстау облысы көлемінде 20 психологты іріктеужұмыстарын жүргізу үстінде.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары