Malim.kz
Қоғам

Маңғыстаулық параспортшылар мемлекет қаржыландыратын жарысқа несие алып барған

Айбын Атабай
Қазақстан бочча федерациясы

Маңғыстау облысының жас параспортшылары бочча ойыны бойынша өтетін республикалық жарысқа мемлекеттік қаржы бөлінбегендіктен өз ақшасына баруға мәжбүр болған. Кейбір ата-аналар жарысқа ұзақ дайындалған балаларын жіберу үшін тіпті несие алуға мәжбүр болғандарын айтты. Бұл туралы Malim.kz Stan.kz және Lada.kz сайттарына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ата-аналардың айтуынша, балалар 9 қарашада өтетін жарысқа бірнеше ай бойы дайындалған. Олар тамыз айынан бері жаттығып келген. Бірақ облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан қаржыландыру болмаған. 31 қазан күні кешке ортақ ата-аналар чатына басқарма жарысқа баруға мүмкіндік жоқ екенін, қаражат бөлінбегенін хабарлаған.

"Біз қатты абыржыдық. Балалар бірнеше ай бойы дайындалды. Ал жарысқа бір апта қалғанда ешкім ешқайда бармайды деген хабар алдық. Содан кейін біз Маңғыстау облыстық бочча федерациясының президенті Жанбырбай Матаевқа жүгіндік. Ол облыстық спорт басқармасының басшысы Мақсат Мұқашқа хабарласты. Матаевтың айтуынша, ол жарысқа қатысудан бас тарту туралы шешім болмағанын айтып сендірді. Кейін бізге қате ақпарат берілгенін түсіндірді. Сол кезде біз билеттерді өз қаражатымызға сатып алдық. Барып-қайту билеті 240 мың теңге шықты. Кейбір ата-аналар несие алуға мәжбүр болды", – деді ата-аналар.

Алайда, олардың айтуынша, уәде етілген қаржы әлі де бөлінбеген. Соған қарамастан, Маңғыстау облысының командасы Қазақстан кубогына қатысу үшін өз есебінен жолға шыққан.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары