Malim.kz
Қоғам

Мәсімовтың самурай қылышы ақыры сатылды

Арман Қайыпхан
Фото: КазТАГ

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтың самурай қылышы аукционда сатылды, деп хабарлайды Malim.kz КазТАГ-қа сілтеме жасап.

e-Qazyna порталындағы лот сипаттамасында: «Самурай қылышы қапталған. (…) Сату бағасы – 413 825 теңге», – делінген.

Сипаттамасына сәйкес, сатылған қарудың пышақ жиегі болаттан жасалған, бүкіл ұзындығы бойына тән тегіс ойық бар, қаптары қара түсті материалдан, ал қылыштың тұтқасы сұр металдан жасалып, геометриялық рельефті өрнектелген.

Еске салсақ, бұған дейін Кәрім Мәсімовтің тәркіленген қымбат бұйымдары миллиондаған теңгеге сатылған еді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары