Malim.kz
Қоғам

"Маскадағы адам – ол Димаш": Құдайбергеновтер әулетіне жақын адам ел естімеген шындықты айтты (ВИДЕО)

Мадияр Қапанбек
Arasha.kz коллажы

"Тамаша" шоуы арқылы көпшілікке танылған актер Алмат Сақатов әнші Димаш Құдайберген туралы ойын білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

YouTube-тағы "Qazaq Airan" жобасына берген сұхбатында ол қазір ел арасында "Маскадағы адам" атанып жүрген блогердің кім болуы мүмкін деген сауалға жауап берді. Бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары қайырымдылықпен айналысып жүрген бұл адамның бейнесі мен әрекеті Димаш Құдайбергенге ұқсайтынын жиі айтқан болатын.

"Димаш болуы да мүмкін. Қазіргі уақытта Димаш өте танымал, сондықтан ол елдің назарында жүр", – деді актер.

Сондай-ақ Алмат Сақатов Димаштың қазақ өнеріне қосқан үлесін ерекше атап, оны сирек кездесетін феномен деп бағалады.

"Соңғы 70 жылдағы қазақ өнеріндегі тұлғаларды жинасақ та, олар Димаштың еңбегіне жете алмайды. Ертең мені осы сөзім үшін сынайтын шығар. Димаш секілді әлемнің түкпір-түкпірінде ән айту бірде-бір қазақ баласының қолынан келмеген. Ол тарихты жасап тастады. Димашқа Құдай ұзақ ғұмыр берсін.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары