Malim.kz
Қоғам

"Маскадағы адамның" кім екені белгілі болды? (ФОТО)

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Қоғам белсендісі Азамат Ерғали әлеуметтік желідегі жазбасымен жұрт назарын өзіне аударды, деп хабарлайды Malim.kz.

Белсенді көптен бері мұқтаж жандарға миллиондап көмек көрсетіп жүрген жұмбақ тұлға – "Маскадағы адам" туралы пікір білдіріп, өз ойын оқырмандармен бөлісті.

"Менің ойымша, "Маскадағы адам" – біздің Димаш Құдайберген секілді. Ал сіздер қалай ойлайсыздар?" – деп жазды ол.

Бұл жазба әлеуметтік желілерде қызу талқылауға себеп болды. Кейбір қолданушылар белсендінің ойын қолдап, "мүмкін, расында Димаш шығар" десе, басқалары басқа нұсқаларды алға тартты. Бірі бұл – елге белгісіз меценат десе, енді бірі танымал кәсіпкер болуы мүмкін деп болжады.

Қазіргі уақытта "Маскадағы адамның" шынайы тұлғасы ресми түрде анықталған жоқ. Алайда әлеуметтік желі қолданушылары қайырымды жанның кім екенін білгісі келіп, түрлі жорамалдар мен пікірлерін үздіксіз жазып жатыр.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары