Ресейдің Мәскеу облысында 16 тамызға қараған түні жаппай дрон шабуылы болды, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.
Өңір губернаторы Андрей Воробьевтің мәлімдеуінше, әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері 187 дронды жойған.
Подольск қаласында дронның қоймаға түсуінен Wildberries компаниясының «Коледино» индустриялық паркіндегі логистикалық нысанында өрт шыққан. Шабуыл кезінде қызметкерлер паналауға шығарылған, зардап шеккендер жоқ.
Бұдан бөлек, Домодедовода дәрі-дәрмек сақталған қойма өртенген. Каширада полиция бөлімінің жаңа ғимараты, ал Воскресенскіде өндірістік нысанның жекелеген құрылыстары зақымданған.
Мәскеу мэрі Сергей Собяниннің мәліметінше, Мәскеу маңындағы МКАД ауданында дрон шабуылынан үш адам зардап шеккен.