Malim.kz
Әлем

Мәскеу мен Киев бір-бірін бітімді бұзды деп айыптады

Арман Қайыпхан
Фото: Valery Sharifulin/TASS/dpa/picture alliancе

Ресей Қорғаныс министрлігі Украина Қарулы күштерін Мәскеу жариялаған 8–9 мамырдағы біржақты бітімді бұзды деп айыптады, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, украиналық дрондар Ресейдің 17 өңірі мен аннексияланған Қырымға шабуыл жасаған.

Ресей тарапының хабарлауынша, БПЛА және артиллерия қолданылған шабуылдар Адыгея, Шешенстан, Пермь, Ставрополь, Краснодар өлкелері мен Мәскеу, Курск, Белгород, Брянск, Ростов және басқа да облыстарда тіркелген.

Ресей Қорғаныс министрлігі армияның бітім режимінің бұзылуына «айна қатесіз жауап бергенін» және дрон ұшыру орындары мен басқару пункттеріне соққы жасағанын мәлімдеді.

Өз кезегінде Украина Бас штабы Ресей әскері бітім жарияланғанына қарамастан, сағат 16:00-ге дейін 51 шабуыл жасағанын хабарлады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары