Malim.kz
Әлем

Мәскеуде Трамп, Путин және Зеленскийдің үшжақты саммитін ұсынылды – Axios

Арман Қайыпхан
Фото: Анадолу

АҚШ Орталық барлау басқармасының (ОББ) директоры Джон Рэтклифф Мәскеуге құпия сапары барысында АҚШ, Ресей және Украина президенттерінің үшжақты кездесуін өткізуді ұсынған. Бұл туралы Axios екі дереккөзге сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Басылым мәліметінше, Рэтклифф Ресейдің арнайы қызметтері Владимир Путинді Украинамен келіссөздерді қайта бастауға көндіре ала ма деген мәселені талқылаған. Ол Ресейдің ФҚҚ (Федералды қауіпсіздік қызметі) директоры Александр Бортниковты дипломатиялық күш-жігерді қайта жандандыруға көмектесе алатын «конструктивті ойыншы» деп бағалаған.

Axios жазуынша, 28 тамызда АҚШ өкілдері Украина президенті Владимир Зеленскийге Рэтклиффтің Мәскеудегі келіссөздері және үшжақты саммит өткізу туралы ұсыныс жайлы хабарлаған.

Рэтклифф Ресейге 25 тамызда АҚШ Әскери-әуе күштерінің Boeing C-17 Globemaster III әскери-көлік ұшағымен барған. Сапар бірнеше сағатқа ғана созылған. Оның Мәскеуге сапары аса құпия жағдайда ұйымдастырылғаны хабарланды.

Бұған дейін Дональд Трамп әкімшілігі осындай форматтағы кездесуді ұсынған, алайда Владимир Путин бұл ұсынысты қабылдамаған.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары