Malim.kz
Қоғам

Мәскеудегі теракт: Құтқару операциясы аяқталды

Malim Админ

Мәскеу облысының губернаторы Андрей Воробьевтің ресми телеграм-каналы қайғылы оқиға орнында құтқару операциясының аяқталғанын хабарлады. Бұл туралы BBC жазды.

Мәскеу билігінің мәліметінше, 24 сағат ішінде көрермен залындағы үйінді астынан 133 адамның денесі шығарылып, 50-і кім екені анықталды.

Ал аман қалып, түрлі жарақатпен ауруханаға түскен 100-ден астам адам ауыр халде жатыр, теракт құрбандарының тізіміне қосылуы мүмкін.

Қайғылы оқиға орнында іздеу жұмыстары әлі де жалғасуда.

ФОТО: ТАСС

Malim Админ
Автордың басқа материалдары