Malim.kz
Әлем

Мектеп мұғалімі 12 жастағы оқушысына зорлық көрсеткені үшін 51 жылға түрмеге тоғытылды (ФОТО)

Мадияр Қапанбек
shutterstock.com

АҚШ-та кәмелетке толмаған оқушының құқығын бұзғаны үшін 34 жастағы мұғалім 51,5 жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы жергілікті Fox6now басылымы хабарлады. Сот үкімі балалардың қауіпсіздігін қорғау мәселесінің мемлекет деңгейінде қаншалықты маңызды екенін тағы бір рет көрсетті.

Оқиға Висконсин штатында болған. Тергеу материалдарына сәйкес, 12 жастағы бала мұғалімнің үйінде өткен пижама кешінен кейін сол жерде түнеп қалған. Сол түні педагог тарапынан заңға қайшы әрекеттер жасалғаны анықталған.

Іс бірнеше ай бойы мұқият зерттелді. Тергеу барысында айыпталушының мектептегі тағы бір оқушымен әдепсіз сипаттағы хабарламалар алмасқаны белгілі болды. Құқық қорғау органдары оның телефонын тексеріп, кәмелетке толмағандармен жазысқан өзге де деректерді анықтаған.

Сот процесі нәтижесінде айыпталушы кінәлі деп танылып, 51,5 жылға түрме жазасына кесілді. Судья үкім шығаруда кәмелетке толмағандардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау басымдық екенін атап өтті.

Бұл оқиға АҚШ-та білім беру саласындағы бақылау мен жауапкершіліктің күшейтілгенін көрсетеді. Соңғы жылдары кәмелетке толмағандарға қатысты құқықбұзушылықтарға нөлдік төзімділік қағидаты қолданылып келеді. Сарапшылардың пікірінше, мұндай қатаң жаза болашақта осындай қылмыстардың алдын алуға бағытталған маңызды қадам.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары