Malim.kz
Әлем

Мектептерде оқушыларға телефон қолдануға тыйым салынбақ

Сұлу Бөлек

Франция орта мектептерде ұялы телефонға тыйымды күшейтеді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

2024 жылғы қыркүйектен бастап Францияда орта мектеп оқушылары (11-15 жас аралығындағылар) ұялы телефондарын сабақ басталарда шкафқа немесе арнайы жерге қойып, тек мектептен шығарда ғана қайта ала алады. Бұл – оқушыларды бүкіл оқу күні бойы телефоннан толықтай ажыратуды көздейтін жаңа қадам.

Бұрынғы тәртіп:
Франция 2018 жылы орта мектептерде (collèges) телефон қолдануға тыйым салған болатын. Сол кезден бастап телефондар сөмкеде өшірулі күйде болуға тиіс және мектеп аумағында, тіпті үзіліс кезінде де қолдануға болмайтын. Бұл тәртіп оқушылар арасында әлеуметтік қарым-қатынас пен дене белсенділігінің артуына, зейіннің жақсаруына оң әсер еткен. Алайда кей оқушылар үзілісте дәретханада видео көру үшін телефондарын жасырын пайдаланған жағдайлар болған.

Жаңа шаралар:
Франция үкіметі бұл мәселені шешу үшін "цифрлық үзіліс" (digital pause) деп аталатын бастаманы енгізіп жатыр. Кейінгі алты ай ішінде бұл жоба 100-ге жуық мектепте сынақтан өткен. Жоба аясында оқушылар телефондары мен гаджеттерін арнайы шкафтарға, жәшіктерге немесе тек мектеп қақпасындағы электрон жүйе арқылы ғана ашылатын қапшықтарға салып тастайды.

Басты себеп:
Білім министрі Элизабет Борн бұл шара балалардың денсаулығы мен біліміндегі жетістігі үшін қажет екенін айтты. Оның айтуынша, қазір балалар экран алдында күніне орта есеппен 5 сағат өткізсе, кітап оқуға аптасына тек 3 сағат жұмсайды. Оқитын балалардың жартысы кітаппен қатар телефон қолданатыны да алаңдатарлық факт ретінде аталды.

Қоғам мен ұстаздардың пікірі:
Сынақ жобасының нәтижелері бойынша, мектептегі ахуал жақсарғаны байқалған. Ата-аналар мен мұғалімдер тарапынан қолдау зор болған. Дегенмен, кейбір кәсіподақтар бұл жүйенің қаржылық және ұйымдастырушылық тұстарын сынға алды. Министр Борнның айтуынша, бұл – мектеп директорлары шешетін мәселе, ал жобаға қажет қаражат бірнеше мың еуродан аспайды.

Франциядағы шектеулер:

Фото: Pixabay.com

Сұлу Бөлек
Автордың басқа материалдары