Malim.kz
Мәдениет

Мемлекеттік емес БАҚ арасында гранттар конкурсы өтеді

• Мәди Саматұлы

Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары үшін қысқамерзімді гранттар конкурсын өткізеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәлімдеуінше, мемлекеттік емес мерзімді баспасөз басылымдары (газеттер мен журналдар), интернет-ресурстар және теле-, радиоарналар арасында қысқа мерзімді гранттар конкурсын өтеді. Оған қатысуға өтінімдерді министрлік 21 қаңтар сағат 17:00-ге дейін қабылдайды.

Байқау шарты бойынша журналдар үшін әлеуметтік-демографиялық даму, құқықтық сананың деңгейін арттыру сынды 6 тақырыпта, Мемлекеттік емес интернет-басылымдар мен газеттер үшін саяси өмірдегі қоғамның дамуы, әлеуметтік-демографиялық даму, сыртқы саясат сынды 11 тақырыпта, сондай-ақ, мемлекеттік емес теле-, радиоараналар үшін телебағдарламаларды шығару және орналастыру бойынша 36 тақырыпта өтеді.

Өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін Республикалық комиссияның қарауына қабылданбайды.

Фото: ortalyq.kz

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары