Malim.kz
Қоғам

«Мен инклюзивті қоғам құруға үлес қосамын» көрме байқауының жеңімпаздары марапатталды

Арман Қайыпхан

Маңғыстау облысы білім басқармасы тапырысымен, «Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының» қолдауымен, «Қолдау» орталығы» жеке меншік мекемесі «InBilim» жобасы аясында «Мен инклюзивті қоғам құруға үлес қосамын» көрме байқауын қорытындылап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімін өткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізеті арнайы мамандар арасында өткен байқаудың мақсаты – өңірдегі арнайы білім беру ұйымдарының педагог мамандарының инклюзивті білім беруді енгізудің үздік тәжірибелерін таныстыру. 

Сонымен қатар, арнайы білім беру ұйымындағы педагог мамандардың мәртебесін көтеру, арнайы білім беру ұйымдарындағы педагог мамандардың нәтижелі жұмысын таныта отыра, олардың тәжірибесін тарату, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдай отырып, олардың шығармашылық дарынын таныту және арнайы білім беру ұйымдарының педагог маманы мен білім алушы арасындағы байланысты нығайту.

Байқауға Маңғыстау облысының түкіпр-түкпірінен мамандар қатысты. Нәтижесінде байқауға 100 өтінім түсіп, оның 20-сы іріктеуден өтіп, шарттар бойынша таңдалып алынды. Арнайы қазылар алқасының шешімімен 3 жұмыс жеңімпаз деп танылып, оларға қаржылай сыйақы мен дипломдар табысталды.

Байқау нәтижесінде:

          1 орын (150 000 теңге) – «№6 арнайы балабақша»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дефектологы Байзақова Қарлығаш Бауржанқызы. «Киіз үйдің құпиялары» тақырыбындағы жұмысы үшін.

2 орын (120 000 теңге) –  «Ақтау психологиялық –педагогикалық түзеу кабинеті» КММ Нахмәдениет Зағипа Махамбетқызы «Мамандықтар» дидактикалық дамытушы құралы үшін.

3 орын (90 000 теңге) – Боярская Наталия Влентиновна «№1 арнайы балабақша»  әдістемелік құралы үшін.

          Көрме барысында іріктеуден өткен 20 маманның жұмыстары тұрғындар назарына ұсынылды. Әр арнайы маман осы салаға өзі әкелген, ұсынған жаңалығын, нәтиже көрсеткен іс-тәжірибесімен бөлісті.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары