Танымал актриса Жұлдызай Дүйсембиева өмірінде болған ауыр жағдай туралы айтып, көпшілікті алаңдатты, деп хабарлайды Malim.kz.
Өнер иесінің айтуынша, оның денсаулығы кенеттен нашарлап, жүрегі бір сәтке тоқтап қалған.
"Жүрегім бір тоқтап, қайта соқты. Дәрігерлер сол сәтте мені өлді деп ойлаған. Қызым да жылап қалды. Бірақ бір нәрсе мені қайтадан өмірге алып келді", – деді ол.
Актриса бұл жағдайды тағдырдың берген екінші мүмкіндігі ретінде қабылдағанын жеткізді. Оның айтуынша, сол сәтте фотосессияны тоқтатуды ойлағанымен, кейін бұл өмірдің бағасын түсінуге себеп болған ерекше кезең екенін ұққан.
Желі қолданушылары өнер иесіне қолдау білдіріп, тез сауығып кетуіне тілектестік білдіріп жатыр.
Бұған дейін де танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева денсаулығына байланысты қиын кезеңді бастан өткергенін айтып, әлеуметтік желіде видео жариялаған еді. Өнер иесінің сөзінше, ол бір сәтте төсек тартып жатып қалып, мүлде жүре алмай қаламын ба деп қорыққан. Ол өзіне қолдау көрсеткен жандарға алғыс айтып, денсаулығының біртіндеп қалпына келе бастағанын жеткізді.