Malim.kz
Қоғам

«Менің атымда тек көлік қана»: Шавкат Рахмоновтың жұбайы неке шартының жай-жапсарын айтты

Сабина Асқарқызы
Коллаж: Ozgeris.info

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Руслан Отепбайдың YouTube-тағы арнасына берген сұхбатында олардың неке шартына отырғанын айтты, деп хабарлайды Мalim.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Гүлайымның айтуынша, 2025 жылдың наурыз айында олар Шавкатпен және балаларымен Дубайда демалған, ал сәуірде спортшы неке келісімі туралы әңгіме қозғаған.

«Басында мен күліп, мән бермедім. “Менде ештеңе жоқ қой. Онда маған ең болмаса тұрып жатқан пәтерді бер немесе бизнес ашып бер, сонда неке шартына қол қоямын. Сен менен қорқасың ба? Егер солай болса, онда неге менімен бірге тұрасың?” дедім. Бір жағынан, бәлкім, оның анасы, бауырларымен сөйлесіп, ертең ажырасқан жағдайда мен мүлікке таласады деп ойлаған шығар деп те ойладым. Мұндай жағдай кез келген отбасында болады ғой. “Егер Шавкат мені тек мүлік үшін бірге жүр деп ойласа, онда қол қояйын” деп шештім де, қол қойдым», - деді ол.

Сондай-ақ ол келісімшарт бойынша ажырасқан жағдайда әрқайсысы өз атына тіркелген мүлікпен қалатынын айтты.

«Ажырасқан кезде әрқайсымыздың атымыздағы дүние өзімізде қалады. Менің атымда тек жол апатына түскен көлік қана бар», – деді Гүлайым.

Еске салайық, наурыз айында танымал қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың жұбайы ажырасатынын және Рахмоновтың «балаларынан бас тартқанын» мәлімдеген еді.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары