Malim.kz
Әлем

Мерц Иранмен соғысты дипломатиялық жолмен аяқтауға шақырды

Арман Қайыпхан
Фото: DW

Германия канцлері Фридрих Мерц Иранға қарсы соғыстың ұзаққа созылуы Еуропаның қауіпсіздігі мен экономикасына үлкен қауіп төндіретінін айтты, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Оның сөзінше, бұл соғыс ешкімге қажет емес және көптеген елдерге, соның ішінде Германияға да экономикалық зиян келтіріп жатыр.

Мерц Германия қақтығысты тоқтату үшін барлық дипломатиялық мүмкіндіктерді пайдаланып жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ Берлин Тегеранмен тікелей келіссөз жүргізу мүмкіндігін қарастырып отыр. Келіссөздердің негізгі тақырыптарының бірі – Ормуз бұғазын мұнай танкерлері мен жүк кемелері үшін қайта ашу.

Канцлердің айтуынша, бұл теңіз жолы әлемдік энергетикалық нарық үшін өте маңызды. Егер бұғаз ұзақ уақыт жабық болса, мұнай тасымалы қиындап, көптеген елдердің экономикасына әсер етуі мүмкін.

Фридрих Мерц бұл мәлімдемені Норвегияда өткен баспасөз конференциясында жасады. Ол жерде Норвегия мен Канада басшыларымен бірге НАТО-ның «Колд Респонс» деп аталатын қысқы әскери жаттығуларын бақылаған.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары