Германия канцлері Фридрих Мерц бірнеше апталық шиеленістен кейін АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.
Бұған дейін Мерц АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысына қатысты сыни пікір білдірген еді.
Мерцтің айтуынша, әңгіме «жақсы» өткен. Ол X әлеуметтік желісінде екі елдің Иран мәселесіне қатысты ұстанымдары ұқсас екенін жазды.
Тараптар Иран төңірегіндегі жағдайды, Украинадағы соғысты және НАТО мәселелерін талқылады. Ортақ пікір бойынша, Иран келіссөз үстеліне отыруы тиіс, Ормуз бұғазы ашық қалуы керек және Тегеран ядролық қаруға ие болмауы қажет.