Malim.kz
Әлем

Мерц пен Зеленский Украинаға әуе қорғанысы зымырандарын жеткізуді талқылады

Арман Қайыпхан
Фото: Michaela Stache/AFP

Украина президенті Владимир Зеленский мен Германия канцлері Фридрих Мерц телефон арқылы сөйлесіп, Ресейдің күшейген зымыран шабуылдары аясында Украинаның әуе қорғанысын нығайту мәселесін талқылады, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Зеленскийдің мәлімдеуінше, әңгімедегі негізгі тақырыптардың бірі – елді Ресейдің баллистикалық зымырандарынан қорғауға арналған Patriot әуе қорғаныс жүйелеріне арналған зымырандарды жеткізу болды.

«Қазір ең басты мәселе – азаматтарымызды Ресейдің баллистикалық шабуылдарынан қорғау үшін Patriot жүйесіне арналған зымырандар», – деп жазды Украина президенті Telegram-дағы парақшасында.

Сондай-ақ тараптар майдандағы ахуалды да сөз етті. Зеленский Ресей президенті Владимир Путиннің Донецк облысындағы Константиновка қаласы туралы мәлімдемесіне тоқталып, Путинге сол жерде кездесуді ұсынғанын айтты. Алайда ол Кремль басшысынан оң жауап күтпейтінін, өйткені «шындық Путиннің сөзінен мүлде өзгеше» екенін жеткізді.
Өз кезегінде Германия канцлері Фридрих Мерц Украинаға Германияның қолдауы жалғаса беретінін растады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары