Malim.kz
Қоғам

"Мешітте некеге тұрдық": Айгүл Иманбаева жеке өмірі туралы ашық айтты (ВИДЕО)

Мадияр Қапанбек
Айгүл Иманбаева жұбайымен. instagram.com/aigulimanbayeva

Актриса әрі әнші Айгүл Иманбаева отбасылық өміріндегі маңызды күндерді еске алып, жұбайымен бірге екі жыл бұрынғы ерекше сәтке қайта оралды, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесінің айтуынша, 2024 жылғы 2 ақпанда жары оған АҚШ-та, Тынық мұхитының жағасында үйленуге ұсыныс жасаған.

"Дәл осы Тынық мұхитының жағасында, дәл осы біз тұрған жерде екі жыл бұрын жаным маған тұрмысқа шық деп ұсыныс жасады. Ана жерде маяк, мына жерде Тынық мұхиты, толқын. Дәл осылай самал жел есіп тұрған. Күн де дәл осылай жарқырап тұрды", – деді Айгүл Иманбаева.

Актриса кейінгі маңызды даталарды да атап өтті. Оның сөзінше, 2024 жылғы 23 ақпанда олар Беверли-Хиллс ауданындағы әкімшілікте некесін ресми тіркеген.

Ал 8 наурызда Палисейдс ауданындағы мешітте неке қидырған.

"Уақыт қалай тез өтіп жатыр", – деп түйіндеді өнер иесі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде отбасылық өміріне қатысты қойылған сауалға жауап берген еді.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары