Malim.kz
Әлем

Мюнхенде 62-ші қауіпсіздік конференциясы басталды

Арман Қайыпхан
Фото: Ronka Oberhammer/DW Images

Мюнхенде 62-ші халықаралық қауіпсіздік конференциясы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Биылғы жиынға мемлекеттер мен үкіметтер басшылары рекордтық деңгейде қатысып отыр.

Форумның алғашқы күнінде MSC алаңында, атап айтқанда, Германия канцлері Фридрих Мерц пен Франция президенті Эмманюэль Макрон сөз сөйлейді.

Конференцияның негізгі тақырыптары қатарында Ресейдің Украинаға қарсы соғысы, Еуропа мен АҚШ арасындағы қатынастардағы дағдарыс, сондай-ақ Таяу Шығыстағы қақтығыстар бар.

Конференция барысын тікелей эфирде DW шолушысы Глеб Гаврик пен неміс журналисі Дирк Эммерих түсіндіруде.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары