Malim.kz
Қоғам

Мұғалім күйеуінен мәһрге принтер сұрады

Айбын Атабай
видеодан скриншот

Желіде күйеуінен мәһрге бағалы зат, үй, көлік емес, принтер сұраған мұғалім көпшілікті күлдірді. Бұл туралы Malim.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жас жұбайлар мешіттегі неке қию рәсімін Аруна есімді қолданушы парақшасында жариялады. Имам келіншектен мәһрге не қалайтынын сұрағанда, ол жұбайынан түрлі түсті принтер алып беруін өтінді.

“Алтын күте тұрсын, принтер маңыздырақ”, - деп жазба қалдырды автор.

Келіншектің бұл өтініші жұртты тәнті етті.

“Жаным-ау”, “Байғұс мұғалімдер түстерінде А4 мен принтер көреді”, “Дұрыс жасапты, өте керек зат қой”, “Өз болашағын ойлап отыр ғой! Алтыннан не пайда, ал принтер жұмысқа немесе кәсіпке керек! Ақылды әйел! “, “Мен ғана емес екенмін принтер сұраған, көріп куанып кеттім”, “Принтер сұрағанын бірінші рет көріп тұрмын, сүйкімді екенсіз”, “Ұстаздың зары болып тұр ғой”, – деп жазған олар.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары