Malim.kz
Әлем

Мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді

Malim Админ

Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың қыркүйек айындағы фьючерстерінің құны Астана уақытымен сағат 10:12-дегі сауда деректері бойынша 1,43 пайызға төмендеп, барреліне 81,22 доллар болды.

WTI мұнайының қыркүйектегі фьючерстері 1,56 пайызға арзандап, барреліне 77,17 доллар болды.

Айта кетейік, өткен аптада Brent және WTI 2 және 3 пайызға қымбаттап, барреліне сәйкесінше 85,36 ​​және 83,28 долларға дейін көтерілді.

Фото:depositphotos.com

Malim Админ
Автордың басқа материалдары