Malim.kz
Әлем

Мұнда кім жоқ дейсің. Ресей жағында кубалықтардың да соғысып жүргені анықталды

Ереке Базарқұл

Мэрилин Винент Ресейге жұмысқа кетіп, әскерден бір шыққан ұлының фотосын көрсетіп тұр.

IMAGE: ©BBC


Неміс толқыны – DW жазыпты.

Reuters агенттігіне АҚШ мемлекеттік департаментінің ішкі құжаттарындағы осындай әңгіме белгілі болыпты.


“Ресейдің басқыншылық соғысын жауынгерлермен Солтүстік Кореядан кейінгі орында Куба қамтып отыр. Түрлі деректер бойынша, 1 мыңнан 5 мыңға дейінгі кубалық Украинада соғысып жүр”, -


делініпті ішкі құжатта.

Бұл мәліметтерді АҚШ БҰҰ-ға берген екен. Американың Кубаға 1960 жылы салған эмбаргосының күшін жоюды сұрағанда, дәйек ретінде осы мәліметтер көрсетіліпті.

Ереке Базарқұл
Автордың басқа материалдары