Malim.kz
Қоғам

Мұхамеджан Тазабек марқұм Асанәлі Әшімовтің ел естімеген үш қасиетін айтып берді (ФОТО)

Қайсар Қанат
instagram.com/mukhamedzhan_tazabek

Танымал айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек желідегі парақшасында Асанәлі Әшімов туралы ой-толғауын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

"Мың сан қасиетін алаш жұрты айтып тауыса алмай жатыр ғой. Жастарға керек болады-ау деген, өзім аңғарған, тәнті болған үш-ақ қасиетін ерекшелей айтып қойғым келеді.

1. Өле-өлгенше тұғырдан таймау, яғни трендте болу. Қай жиынға барсаң да Асекең төрдің сәні болып жүрді. Жаңа фильм шықса – ағамыз бата беріп жатады, айтулы дүние өтсе – әкеміз қазы боп отырады, подкаст ашылса – аңыз тұлға білгенімен бөлісіп жатады. Не деген керемет жігер, ерекше энергия! Мойнына су кетіп, бір проблемада шашылып, суицидке ұрына жаздап жүрген жастарға бұдан артық қандай қайсар үлгі керек?!

2. Қарапайымдылығынан танбай кетті. Есте жоқ ерте уақыттан бері ел назарында. Қайда болмады, кіммен таныспады?! Бармақтай емес, балдақтай бақ қонды. "Құдайдың бергені, халықтың батасы" деп өтті. Ол кісіден бата алмаған, ол кісімен фотосы жоқ қазақ кемде-кем. Балаға да, жасқа да, жасамысқа да құшағы ашық, жылы сөзі дайын болды…

3. Өз ісінің майталманы еді. Кинодағы жасаған образдары жарты ғасыр жадымыздан кеткен жоқ. Саңқ еткен даусы санамызда жаңғырады. Ақсақал жасына жеткенде өзінің үлкен кісі ретіндегі орнын ұмытқан жоқ. Баратын жерге барды, керек жерде тоқтады, білгенімен бөлісті", – деп жазды Мұхамеджан Тазабек.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары