Malim.kz
Қоғам

Мұхтар Мағауиннің топырағы туған жері Шұбартауға жеткізілді

Арман Қайыпхан

Жазушы Мұхтар Мағауиннің топырағы туған жері Шұбартауға жеткізілді. Оның ұлы Едіге Мағауин Америкадағы зиратынан алынған топырақты ата-бабалары жерленген Көпбейіт қорымына апарып қойды.

Баршатас ауылында қаламгердің рухына арнап жылдық ас беріліп, оған зиялы қауым өкілдері мен туыстары қатысты.

Мұхтар Мағауиннің барлық қолжазбалары мен мұрасы АҚШ-тағы отбасылық үйінде сақталып отыр. Алдағы уақытта сол үйді мұражайға айналдыру жоспарланған.

Фото: magauin.com

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары