Malim.kz
Оқиға

Мұхтар Шаханов Кеңсай зиратына жерленетін болды

Айбын Атабай
Фото авторы: Әйгерім Әбжан

Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов ертең, 21 сәуір күні Алматыда жерленетін болды. 

Журналист Бигелді Ғабдуллиннің мәліметінше, ақынмен қоштасу рәсімі таңғы сағат 09:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры ғимаратында өтеді. Қаралы жиынға зиялы қауым өкілдері мен ақын шығармашылығын құрметтейтін азаматтар қатыса алады.

Қоштасудан кейін, сағат 11:30-да жерлеу рәсімі өтеді. Жақындары Мұхтар Шахановты Алматыдағы «Кеңсай-2» зиратына жерлемек. 

Бұған дейін ақынның жұбайы Ханшайым Шаханова президент Қасым-Жомарт Тоқаев атына хат жолдап, оны Арыстанбаб кесенесі аумағында жерлеуді сұраған еді.

Мұхтар Шаханов қазақ әдебиеті мен қоғамдық өмірінде айрықша орны бар тұлға. Ол Желтоқсан оқиғасының шындығын көтерген, мемлекеттік тіл мәселесінде белсенді ұстаным білдірген ақын ретінде халық жадында мәңгі қалды.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары