Malim.kz
Қоғам

Найзағай, бұршақ, аптап ыстық: 26 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Арман Қайыпхан
Фото: magnific.com

26 шілдеде Қазақстанның бірнеше өңірінде найзағай, нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл және аптап ыстық күтіледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Сонымен қатар көптеген облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Жаңбыр, найзағай және бұршақ Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Алматы және Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласы мен Іле Алатауының таулы аймақтарында болжанып отыр.

Қатты жел мен шаңды дауыл Түркістан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарында күтіледі. Жел екпіні кей жерлерде 23–25 м/с-қа дейін жетеді.

Аптап ыстық Алматы, Ақмола және Ұлытау облыстарында +35…+38°C, Маңғыстауда +38…+39°C, Түркістанда +40…+41°C, ал Қызылорда облысында +40…+42°C дейін көтеріледі.

Төтенше өрт қаупі Алматы, Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Ұлытау, Ақмола және басқа да өңірлердің бірқатар аумағында сақталады. Тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау ескертілді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары