Malim.kz
Экология

Найзағай, тұман: 22 тамызда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Арман Қайыпхан

22 тамызда Қазақстанның барлық облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Елдің солтүстігінде, орталығында және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, жел күшейеді. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік пен батыста қатты ыстық сақталады. Көптеген өңірде жоғары немесе төтенше өрт қаупі бар.

Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең батысында, солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Оңтүстікте жоғары, батыста төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстігінде аздаған жаңбыр күтіледі. Батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түсіп, жел күшейеді. Түнде және таңертең шығысы мен оңтүстігінде тұман болады. Петропавлда күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі, кей уақытта қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі. Облыста жоғары, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түседі.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысы мен орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі. Шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда да түнде және таңертең тұман түседі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман болады. Батысында, шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, орталығында да осындай қауіп күтіледі. Қарағандыда түнде және таңертең тұман түседі.

Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда да төтенше өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ түсіп, жел күшейеді. Түнде және таңертең солтүстігінде тұман болады. Солтүстік-батысында жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Абай облысының солтүстігі мен орталығында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең шығысында тұман түседі. Батысы мен солтүстік-батысында жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде түнде және таңертең аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Алматы облысының оңтүстігінде күндіз аздаған жаңбыр, таулы аудандарында өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Облыста төтенше, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта төтенше өрт қаупі бар.

Алматыда күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, төтенше өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы тауларында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Жетісу облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында түнде, ал күндіз оңтүстігі мен таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз таулы жерлерде кей уақытта қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, жел күшейеді. Төтенше өрт қаупі сақталады, шығысында жоғары өрт қаупі бар. Таразда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түседі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, төтенше өрт қаупі бар. Түркістанда да төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада да төтенше өрт қаупі бар.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Оңтүстігінде күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Орталығында жоғары, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде төтенше өрт қаупі бар.

Атырау облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз 37 градусқа дейін қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында күндіз ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда да төтенше өрт қаупі бар.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, жел күшейеді. Батысы мен оңтүстігінде ауа температурасы 36 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады, солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі бар. Оралда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, жел күшейеді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары