Malim.kz
Қоғам

Найзағай, тұман, шаңды дауыл: синоптиктер ескертеді

Malim Админ

Қазгидромет синоптиктері 27 тамыз, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстан аумағының көп бөлігінде ауа райы  құбылмалы болады.

Осылайша найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады.

Тек батыста, оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 

Республика бойынша жел күшейіп, елдің солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман, оңтүстігінде  шаңды дауыл соғады.

Әсіресе Қызылорда облысында қатты дауыл тұрады.

Елдің барлық дерлік өңірінде төтенше өрт қаупі бар. 

Фото: istockphoto.com 

Malim Админ
Автордың басқа материалдары