Malim.kz
Экология

Нарында жер сілкінісі тіркелді

Айгүл Таңатар

Өткен түнде Қырғызстанда 4,7 балдық жер сілкінісі тіркелді. Осыдан кейін Алматы тұрғындарына көрші елде қайталама жерасты дүмпулері болуы мүмкін екені туралы шұғыл ескерту хабарламасы келді, деп хабарлайды Malim.kz.

Жер сілкінісі Астана уақытымен 01:41-де Қырғызстанның Нарын облысында тіркелген. Ресми мәлімет бойынша оның магнитудасы 4,7 балл болған. Қырғызстанның елді мекендерінде жер сілкінісінің күші 3-5 балл аралығында сезілген.

Алматы тұрғындарының смартфондарына төтенше жағдайлар қызметінен ескерту хабарламасы жіберілді. Онда ықтимал қайталама жерасты дүмпулеріне дайын болу керектігі айтылған.

Жалпы, Алматы қаласының өзінде жер сілкінісі сезілген жоқ. Қазақстанның Ұлттық деректер орталығы Қырғызстан аумағында жер сілкінісі болғанын растады. Алайда еліміздің аумағында оның сезілгені туралы ақпарат түспеген.

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары