Malim.kz
Әлем

НАТО бас хатшысы: Путин қателеседі

Арман Қайыпхан
Фото: Omar Havana/Getty Images

НАТО бас хатшысы Марк Рютте альянс сыртқы істер министрлерінің кездесуінен кейін Ресейге қатысты қатаң мәлімдеме жасап, Путиннің Батысты «сабыры таусылады» деп ойлауы қате екенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz ВВС-ге сілтеме жасап.

«Путин бізді шыдап, күтіп отыра береді деп ойлайды, бірақ біз ешқайда кетпейміз. Бүгінгі күн оның қателескенінің тағы бір дәлелі. Біз Украинаға қолдауымызды күшейтіп, Ресейге қысымды арттырып жатырмыз», – деді Рютте журналистерге берген сұхбатында.

Рюттенің айтуынша, альянс елдері үш негізгі міндетті басымдық ретінде қарайды:

  1. Мүше мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігіне инвестиция салу;
  2. Қорғаныс өнеркәсібін күшейту;
  3. Украинаға тұрақты әскери қолдау көрсету.

Бас хатшы жыл соңына дейін Украинаға 5 млрд доллардың қаруы жеткізілетінін хабарлады. Бұл АҚШ-та қару сатып алуды қаржыландыратын PURL бағдарламасы аясында іске асады. Алайда бағдарламаға әзірге 32 НАТО елінің тек 11-і ғана қатысып отыр. 2025 жылы жобаны жалғастыруға 15 млрд доллар қажет болуы мүмкін.

Рютте Ресеймен бейбіт келіссөздерге қатысты сұрақтарға терең тоқталмай, бұл бағыттағы негізгі рөлді АҚШ атқарып отырғанын айтты. Ол Трамп әкімшілігімен «тығыз үйлесімде» екенін атап өтті, бірақ келіссөздер барысын егжей-тегжейлі талқылаудан бас тартты.

Рюттенің пікірінше, Ресейді мәмілеге келтірудің жалғыз жолы – санкциялар мен Украинаға үздіксіз қару жеткізу.

«Тек сол кезде ғана Путинде басқа жол қалмай, ымыраға келуге мәжбүр болады», – деді ол.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары