Malim.kz
Қоғам

Наурыз айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Айбын Атабай
Stan.kz collage

2026 жылы наурыз айында қазақстандықтар мерекелік күндерге орай бес күн демалады. Бұл туралы Malim.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні биыл жексенбіге сәйкес келеді. Сол себепті демалыс күні 9 наурыз дүйсенбіге ауыстырылады.

Бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 7-ден 9 наурызға дейін үш күн қатарынан демалады.

Алты күн жұмыс істейтіндер 8 және 9 наурызда демалады.

10 наурыз сейсенбі – жұмыс күні.

Сонымен қатар Наурыз мерекесі жылдағыдай 21-23 наурызда тойланады. 2026 жылы 21 және 22 наурыз сенбі, жексенбіге тұспа-тұс келгендіктен демалыс күндері 24 және 25 наурызға, яғни дүйсенбі және сейсенбіге ауыстырылады.

Нәтижесінде, қазақстандықтар наурыздың 21-інен 25-іне дейін бес күн демалады.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары