Malim.kz
Қоғам

Наурызда Қытай мен Вьетнамға жаңа рейстер ашылмақ

Мәди Саматұлы

Алдағы наурыздан бастап елімізден Вьетнамға және Қытайға жаңа әуе бағыттары ашылады, деп хабарлайды Malim.kz.

Көлік министрлігінің мәлімдеуінше, Air Astana әуе компаниясы Вьетнамға аптасына 4 рет жиілікпен Алматы-Нячанг және аптасына 3 рет жиілікпен Астана-Нячанг бағыттары бойынша, сонымен қатар, аптасына 3 рет жиілікпен Алматы-Гуанчжоу бағыты бойынша Қытайға жаңа маршруттар ашады.

Көктемгі-жазғы маусымынан бастап Air Cairo әуекомпаниясы аптасына 1 рет жиілікпен Қостанай-Шарм-эль-Шейх және аптасына 2 рет жиілікпен Алматы-Хургада бағытында рейстер ашуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, аптасына 1 рейс жиілігімен Алматыдан Эль-Аламейнге рейстерді қайта бастау жоспарланған, деп жазылған министрлік мәлімдемесінде.

Жаңа бағыттардың ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.

Фото: Астана халықаралық әуежайы

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары